Құрметті PhD докторантурасына түсуші үміткерлер!

Құрметті PhD докторантурасына түсуші үміткерлер!

АстМУ докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 3 тамызына дейін ұзартылады:

8D 10101 "Мейіргер ғылымы"

8D 10102"Медицина"

8D 10103 "Қоғамдық денсаулық сақтау"

8D 10104"Фармация"

8D 05101"Биология"

Сұратылған құжаттардың тізбесі:

1) белгіленген нысанға сәйкес басшының атына өтініш;

2)білімі туралы құжат (түпнұсқа);

 3)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);;

4) Шет тілін меңгергенін растайтын Сертификат (ағылшын, неміс, француз);

5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама). Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынылады;

6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;

8) соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

9) ҚАЗТЕСТ сертификаты (түпнұсқа)

10) алдын ала іріктеу нәтижелері. 4) және 7) тармақшаларда санамаланған құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

11) әңгімелесуден өту 2022 жылғы 4 тамыз бен 20 тамыз аралығында өтеді.

Құрметті "Астана медицина университеті" КЕАҚ магистратурасының білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдірген үміткерлер Сіздерді 10 тамыздан бастап құжаттарды қабылдауға күтеді!

Магистратураға түсуші тұлғалар кешенді тестілеуден өткеннен кейін шекті балл жинаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысанға сәйкес Басқарма Төрағасы – ректордың атына өтініш;;

2)жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);

3)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);;

4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;;

5) №ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынылады;

6) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (болған жағдайда);

7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда). 3), 7) және 8) тармақтарда санамаланған құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Барлық сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына хабарласыңыз!

Қабылдау комиссиясы:

Мекен-жайы: 51 корпус 301 кабинет

Байланыс: 53-94-59,

+7 778 357 9457 Роза Қалдыбекқызы

+7 778 985 3095 Фарида Төлебекқызы

+7 777 475 5638 Анар Мәлікқызы

Түскі ас: 13:00-14:30

Жұмыс кестесі сағат 9.00-18.30 демалыссыз

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика