Жатақханаға орналасуға өтініш Platonus ААЖ арқылы беріледі.
УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫНДАҒЫ ОРЫНДАРМЕН, БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ, ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНАН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕР ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ.
Балалар үйлері түлектерінің қатарынан жетім, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
I және II топтағы мүгедек студенттер немесе жақын туыстары (әкесі, анасы);
Асыраушысынан айрылу себебінен толық емес отбасынан шыққан студенттер;
Ата-аналары Семей полигонына, Байқоңырға, Чернобыль жарылысына және адам денсаулығына зиян келтіретін зиянды өндіріске қатысы бар Студенттер;
Көп балалы отбасылардан шыққан студенттер (4 және одан да көп мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар);
Ата-анасы интернационалдық әскер контингенті құрамында ұрыс қимылдарына қатысқан студенттер;
Кандас студенттері;
Студенттер-алыс және жақын шетелден келген шетелдіктер.
Жатақханада тұру құны 10 айға 120 000 теңге (қыркүйектен маусымға дейін қоса алғанда).
Төлем бірден 10 айда жасалады.
Өтініштер тек 2-5 курс студенттерінен қабылданады.
1 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕН ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ УНИВЕРСИТЕТ САЙТЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ
Жатақханадағы орындарды конкурстық негізде арнайы құрылған комиссия бөледі.
Талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды комиссия қабылдамайды