Платонус ақпараттық жүйесінде (pl.amu.kz) техникалық ақаулардың орын алуына байланысты, жатақханаға өтініш қабылдау мерзімін 2022 жылғы 10 тамызға дейін ұзартамыз.
Университеттің 2-5 курс студенттері жатақханаға орналасу жөніндегі комиссияның қарауына құжаттар тапсыруға құқылы. Құжаттарды бірінші кезекте қарау және қоныстандыру үшін білім алушылардың жеңілдікті санаты:
1. жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлері түлектерінің қатарындағы балалар;
2. I және II топтағы мүгедек балалар не жақын туыстары (әкесі, анасы);
3. асыраушысынан айрылу себебінен толық емес отбасынан шыққан балалар;
4. ата-аналары Семей полигонына, Байқоңырға, Чернобыль жарылысына және адам денсаулығына зиян келтіретін зиянды өндіріске қатысы бар балалар;
5. көп балалы отбасылардан шыққан балалар (4 және одан да көп мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар);
6. ата-аналары интернационалдық әскерлер контингенті құрамында ұрыс қимылдарының қатысушылары болған балалар;
7. кандас балалар;
8. студенттер-алыс және жақын шетелден келген шетелдіктер.