Университет жатақханасына орналасу үшін 2-5 курс студенттерінің тізімі!!

Университет жатақханасына орналасу үшін 2-5 курс студенттерінің тізімі!!

Университет жатақханасына орналасу үшін 2-5 курс студенттерінің тізімі!!

2-5 курс студенттеріне арналған университет жатақханасына орналасу 2022 жылдың 22 тамызынан басталады!

2-5 курс студенттеріне арналған студенттік жатақханаға орналасу 2022 жылдың 22 тамызынан бастап Бейбітшілік көшесі, 49А, бірінші қабат, "Электрондық университет" орталығы мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Жұмыс уақыты сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін.

Құжаттар тізімі:

1. JPG форматындағы 3*4 көлемдегі түрлі-түсті фотосуреттің (анфас) электрондық нұсқасы;

2. Студенттің аты-жөні жазылған файлдық папка;

3. Жеке куәлік көшірмесі;

4. Сурет-флюорография;

5. 075-У (086-У) нысаны;

6. Төлем туралы Чек-120 000 тг;

7. Жетім балалар үшін-балалар үйінен анықтама немесе ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе қорғаншылық туралы анықтама (нотариалды куәландырылған көшірмелері);

8. I және II топтағы мүгедектердің білім алушылары үшін не жақын туыстары (әкесі, анасы)-мүгедектігі туралы анықтама немесе мүгедектік куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері);

9. Толық емес отбасылардан шыққан білім алушылар үшін-некені бұзу туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

10. Көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылар үшін-ата-анасының жеке куәлігінің және отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің туу туралы куәлігінің көшірмелері, ата-анасының неке туралы куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері);

11. Ата-аналары Семей полигонына, Байқоңырға, Чернобыль жарылысына және денсаулығына зиян келтіретін зиянды өндіріске қатысы бар білім алушылар үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет;

12. Білім алушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін (қандас) - қандас мәртебесін растайтын құжат.

Жатақхана үшін төлемді Kaspi.kz қосымша арқылы жасауға болады.

Назар аударыңыз!!! Төлем тек студенттің жеке куәлігімен жүзеге асырылады!


«Халық банкі» АҚ арқылы төлеу деректемелері

БИН 080940008218        

Кбе 16

ИИК KZ066010111000096257 (KZT)

АО «Народный банк Казахстана»

БИК HSBKKZKX


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика