ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ ТУРАЛЫ
ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ ТУРАЛЫ

Платонус жүйесінде жатақханаға өтініш білдіру үшін:
1.Платонус жүйесінде тіркелу қажет
2. Қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын өткізу керек. Одан кейін қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы Платонустағы Сіздің есептік жазбаңызды растайды.
3. Сізге Платонус жүйесінде жатаханаға өтініш білдіруге рұқсат ету ашылады. Жатақхана модулін таңдап- өтініш білдіру- құру батырмаларын басу қажет.
4. Сізге белгіленген барлық тармақтарды толтыру қажет. Егер де Сізде жеңілдік болса, онда құжатқа сәйкес растау құжаттарын қосымша енгізу керек. Жеңілдік болмаған жағдайда, мәзірде жеңілдік жоқ батырмасын басып Платонус арқылы өтініш бересіз.
Құжаттар тізімі:
1. JPG форматындағы 3*4 көлемдегі түрлі-түсті фотосуреттің (анфас) электрондық нұсқасы;
2. Студенттің аты-жөні жазылған файлдық папка;
3. Жеке куәлік көшірмесі;
4. Сурет-флюорография;
5. 075-У (086-У) нысаны;
6. Төлем туралы Чек - 120 000 тг;
7. Жетім балалар үшін-балалар үйінен анықтама немесе ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе қорғаншылық туралы анықтама (нотариалды куәландырылған көшірмел ері);
8. I және II топтағы мүгедектердің білім алушылары үшін не жақын туыстары (әкесі, анасы)-мүгедектігі туралы анықтама немесе мүгедектік куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
9. Толық емес отбасылардан шыққан білім алушылар үшін-некені бұзу туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
10. Көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылар үшін-ата-анасының жеке куәлігінің және отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің туу туралы куәлігінің көшірмелері, ата-анасының неке туралы куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
11. Ата-аналары Семей полигонына, Байқоңырға, Чернобыль жарылысына және денсаулығына зиян келтіретін зиянды өндіріске қатысы бар білім алушылар үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет;
12. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ (қандастар) талапкер білім алушылар үшін- қандас мәртебесін растайтын құжат.