Жатақханаға орналасатын студенттердің тізімі
Жатақханаға орналасатын студенттердің тізімі

Осы хабарламаның төменгі жағында жатақханадан орын алған студенттердің тізімі берілді.
Жатақханаға орналасу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет екенін ескертеміз:
1. JPG форматындағы 3*4 көлемдегі түрлі-түсті фотосуреттің (анфас) электрондық нұсқасы;
2. Қол қойылған файл қалтасы (студенттің аты-жөні қалтасының мұқабасында).
Әрбір файлдағы файл қалтасына тізімге сәйкес құжаттарды дәйекті түрде енгізіңіз:
3. Жеке куәлік көшірмесі;
4. Сурет-флюорография (өкпе рентгені);
5. 075-У (086-У)Нысаны;
6. Төлем туралы Чек-120 000 тг (түпнұсқа және көшірме);
7. Жетім балалар үшін-балалар үйінен анықтама немесе ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе қорғаншылық туралы анықтама (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
8. I және II топтағы мүгедектердің білім алушылары үшін не жақын туыстары (әкесі, анасы)-мүгедектігі туралы анықтама немесе мүгедектік куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
9. Толық емес отбасылардан шыққан білім алушылар үшін-некені бұзу туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
10. Көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылар үшін-ата-анасының жеке куәлігінің және отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің туу туралы куәлігінің көшірмелері, ата-анасының неке туралы куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
11. Ата-аналары Семей полигонына, Байқоңырға, Чернобыль жарылысына және денсаулығына зиян келтіретін зиянды өндіріске қатысы бар білім алушылар үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет;
12. Білім алушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін (қандасы) - қандас мәртебесін растайтын құжат.
Құжаттарды қабылдау 28-31 тамыз аралығында оқу залындағы жатақханада болады.