Университет Басқармасы мүшелерінің бос лауазымдарына конкурс жарияланды: клиникалық жұмыс жөніндегі проректор

Университет Басқармасы мүшелерінің бос лауазымдарына конкурс жарияланды: клиникалық жұмыс жөніндегі проректор

«Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Университет), 010008, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, 49а, университеттің Басқарма мүшелерінің: клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Университет қызметінің негізгі мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Университет қызметінің негізгі мәні Жоғары білім, кең бейінді ауруханалардың, мамандандырылған ауруханалардың және стационарлары мен жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі болып табылады

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) Қоғамның клиникалық жұмысы бойынша басқарма мүшелігіне кандидаттар үшін жоғары медициналық білімінің және ғылыми дәрежесінің болуы;

2) білім беру және денсаулық сақтау жүйесінде, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатыса алмайды:

1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам;

2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш (1 қосымша);

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының белгіленген нысандағы қызметтік тізімі, 3х4 өлшеміндегі түрлі түсті суретпен қоса (2 қосымша);

4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары бірге ұсынылады:

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі, ғылыми дәрежесі туралы білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі;

- "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білім туралы құжат, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

- өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжат, білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

5) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес № 075 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), құжаттарды тапсыру күніне дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген;

7) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

8) кандидатпен бірге жұмыс істеген басшы тәжірибесі бар адамдардан екі ұсыным;

2 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, атақтардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) Қосымша ақпаратты бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде кадрлар мәселелері жөніндегі университеттің құрылымдық бөлімшесіне (212-каб.) тапсыру қажет, телефоны: 57-78-91, +7-701-457-28-15, электрондық пошта: zikenov.i@amu.kz.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика