Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

        АстМу-да Қазақстан халқы тілдері күніне және Ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, Алаш қайраткері, қазақтың маңдайға біткен ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойына арналған   «Қазақ тілім – төл тілім» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Кеш өткізілген дәріс залында университет кітапханасының жетекші маманы М. Аманжолова Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты студенттерді ана тілін ардақтауға, елін, жерін, Отанын сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру болды.

Әдеби кешке 1, 2-курс студенттері қатысты. Дарынды студенттер - Ермек Бағжан мен Оразалы Аида кешті ерекше шабытпен жүргізді.

Кеш барысында Амангелді Нұртөре А.Байтұрсыновтың өмірбаянын оқыса, Райымқұл Рауан «Егіннің бастары» өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды. ҚДС 103-топ студенті Кадирова Ардана Серікқызы ұлт ұстазына арнаған «Арнау» атты өз өлеңін оқып, көрермендерді тәнті етті. Шерхан Байназар «Көңіл толқыны» күйін, Сұлтаншарбат Индира мен Хумархан Ақсұңқар «Ерке сылқым» күйін орындап, домбыраның күмбірлеген үнімен кештің сәнін ашты.

Кеш соңында Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Бибижамал Омарова және Мемлекеттік тілді дамыту тобының басшысы Бақтынұр Орынбасарова сөз сөйлеп, Ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтермен бөлісті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика