IX Халықаралық «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» форумы өтеді

IX Халықаралық «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» форумы өтеді

2022 жылдың 30-қыркүйек пен 1-қазан аралығында Park Inn by Radisson қонақ үйінде (Астана қ., Сарыарқа даңғылы,8А) жыл сайынғы IX Халықаралық «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» форумы өтеді.

Форум ұйыдастырушылары:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі

«Астана медицина униерситеті» КЕАҚ, нефрология, гематология, аллергология, иммунология курстармен ішкі аурулар кафедрасы

Респираторлық Медицина Мамандарының Қауымдастығы

Еуро-Азиялық Респираторлық Қоғамы

 

Өткізу форматы (оффлайн-онлайн)

 

Форумның мақсаты: Тыныс алу органдарының ауруларын диагностикалау мен емдеу, денсаулық сақтау жүйесінің барлық кезеңдерінде көмек көрсету, өкпе реабилитациясы, пульмонологиядағы коморбидтілік бойынша жаңартылған халықаралық нұсқаулықтар аясында респираторлық патологияның өзекті мәселелерін талқылау.

Форум бағдарламасына сәйкес білім беру мектептері (Work-shop), мастер-класстар, симпозиумдар, клиникалық талдаулар, пікірталастар өткізіледі.

Форумның ғылыми-практикалық бағыттары: ӨСОА менеджменті, астма, пневмония; өкпенің интерстицийлік аурулары; антибактериалды терапия; респираторлық патологияларды диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың инновациялық әдістері; өкпе гипертензиясы; интервенциялық пульмонология; пульмонологиядағы коморбидтілік; өкпені оңалту; респираторлық қолдау; кәсіби патологиялар.

Форум бағдарламасына постерлік хабарламалар сессиясы мен жас ғалымдар конкурсы кіреді.

Форум спикерлері: жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар.

Форумға қатысу тегін.

Форум соңында тіркелген қатысушылар электрондық сертификаттарға ие болады. Қосымша сертификаттар Work-shop қатысушыларына беріледі

Бұл форумның өткізілуі отандық пульмонология және медицинаның аралас салаларындағы маңызды оқиға болып табылады. Ол медицина қызметкерлерін, әсіресе кәсіби қызметін енді бастап жатқан жас мамандарды оқытуға елеулі үлес қосады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында бронх-өкпе ауруларымен ауыратын науқастарға көмек көрсетуді жақсартуға ықпал етіп, мамандарды ғылыми және тәжірибелік зерттеулерге ынталандырады.

Респираторлық медицина мамандары қауымдастығының сайтында тіркелу https://asrm.kz/ немесе сілтеме бойынша https://asrm2021.kz/2022asrm

 

Барлық сұрақтар бойынша конференция хатшылығына хабарласыңыз:

Сыздықова Алма Берікқызы +7 778 724 5470

немесе е-mail: asresmed@mail.ru

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика