Оқушылар симуляциялық орталықты аралады

Оқушылар симуляциялық орталықты аралады

Оқушылар симуляциялық орталықты аралады

     Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 31 қазанда қабылдау комиссиясы Қостанай қаласының "Достық" ББО оқушыларына университет бойынша экскурсия ұйымдастырды.
     Оқушылар симуляциялық орталыққа барып, болашақ дәрігерлердің өз дағдыларын қалай дамытатынын көрді.
     Мұражайда оқушылар университеттің құрылу және қалыптасу тарихымен танысты. Мұражай директоры, м.ғ.д., профессор Хусаин Шолпан Қабыкенқызы университеттің дамуына зор үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы баяндады.
Оқушылар сонымен қатар қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасында болды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Айман Аяшқызы Мусина мектеп оқушыларын университет мамандықтары туралы хабардар етті.  Санитариялық-гигиеналық зертхана меңгерушісі Замзагүл Сатыбалдықызы Рымбаева мамандық таңдауда стресске төзімділікке тест-сауалнама жүргізді.
Оқушылардың назарына қабылдау комиссия тарапынан «АсМУ»  КеАҚ-қа түсу бойынша презентациялық және тарату материалдары ұсынылды. «Достық» ББО өкілі Туғанбай Айтбала мұражай кітабына экскурсанттардың атынан экскурсия үшін алғысын білдірді.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика