"Маңызды кезең: тұжырымдамалық тәсілдер және көп қырлы нефрологияның негізгі бағыттары"атты халықаралық конгресі өтті

"Маңызды кезең: тұжырымдамалық тәсілдер және көп қырлы нефрологияның негізгі бағыттары"атты халықаралық конгресі өтті

"Маңызды кезең: тұжырымдамалық тәсілдер және көп қырлы нефрологияның негізгі бағыттары"атты халықаралық конгресі өтті

2022 жылдың 17-18 қазан айында Алматы қаласында "Астана" медициналық университетінің және "Астана медицина" журналының арнайы шығарылымының қатысуымен "Маңызды кезең: тұжырымдамалық тәсілдер және көп қырлы нефрологияның негізгі бағыттары"атты халықаралық конгресі өтті.

Қазақстанның ең әдемі мегаполисінде, дәстүрлі мәдени және білім беру орталығында Конгрессті өткізуге Түркиядан, Италиядан, Германиядан, Польшадан, Моңғолиядан, Ресейден, Беларусь Республикасынан 400-ден астам жетекші ғалымдар мен халықаралық деңгейдегі сарапшыларды, ҚР өңірлерінен түрлі мамандықтағы дәрігерлерді тартты.

Конгресс жұмысы аясында бүйрек жеткіліксіздігінің даму қарқынын төмендету, үздік шетелдік тәжірибелерді пайдалану және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында нефрологияның пәнаралық мәселелерін үйлестіру үшін нефрологияның жан-жақтылығының өзекті мәселелері және ғылыми платформа құру талқыланды. Конгресс спикерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары: Бекбосынова М. С., бас кардиолог; Базарбекова Р. Б., бас эндокринолог; Тогізбаев Г. А, бас ревматолог; Көшерова Б. Н., бас инфекционист.

Халықаралық тәжірибе мен заманауи нұсқауларды ұсынғандар: Jolanta Malyszko, профессор, Еуропалық нефрологтар қауымдастығының сарапшысы, Варшава Медициналық Университетінің нефрология кафедрасының меңгерушісі; Rumeyza Kazancioglu, нефрология профессоры, Медицина Университетінің ректоры, Стамбул қаласы, Түркия; Mustafa Arici, нефрология профессоры, Анкара, Түркия; Andre Gessner, профессор, микробиология институтының директоры, Германия; Alessandro Salustri, профессор, Медицина мектебі, Назарбаев Университеті; Ariunaa Togtokh, бас нефролог, Моңғолия; Елена Захарова, Ресей диализ қоғамының төрағасы, Мәскеу, Ресей; Наталья Козловская, профессор РУДН, сыни акушерлік орталығының жетекшісі, Мәскеу, Ресей; Ирина Бобкова, профессор, Ресей Нефрология Ғылыми Қоғамының президенті, Мәскеу, Ресей; Валерий Шило, А. и. Евдокимов атындағы МГМСУ Нефрология кафедрасының доценті, Мәскеу, Ресей; Сергей Байко, профессор, РБ ДСМ бас балалар нефрологы, Минск, Беларусь Республикасы.

Конгресс қарарында Нефрология құзыреті орталығын құрудың өзектілігі туралы ұсыныстар қабылданды, ғылыми зерттеулердің басым бағыттары айқындалды, Қазақстан Ресбубликасының жоғары оқу орындарында жоғары мамандандырылған нефролог-дәрігерлерді даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика