"ШИПАЖАЙ-2022" VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
Астанада 15-16 қараша күндері "Шипажай-2022" атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық форум өтеді.
Форумның мақсаты - курорттарды дамыту, санаторий-курорттық емдеудің, медициналық оңалтудың заманауи технологияларын дамытуға байланысты тиімді кешенді тәсілдерді әзірлеу үшін жұмыла әрекет ету мәселелерін талқылау. Курорттық іс менеджментін, курорттық бизнес индустриясын, зияткерлік, ұйымдастырушылық, кадрлық және ақпараттық ресурстарды жетілдіру мәселелерінде курорттық топтар арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.
Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 49а, Акт залы, Астана медицина университеті.
Конференцияны өткізу форматы: аралас (онлайн / офлайн)
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният, санаторий-курорт саласының, медициналық жоғары оқу орындарының басшылары мен жетекші мамандары, Қазақстан мен Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Чехия, Черногория елдерінің практикалық денсаулық сақтау өкілдері қатысады.
Форум аясында:
- "Қазақстан санаторийлері: тәжірибе және даму перспективалары" атты пленарлық сессия;
- Қазақстанда және шетелде әзірленген санаторий-курорттық ұйымдардың және заманауи медициналық технологиялардың "Шипажай-2022" көрмесі;
- "Шипажай-2022" атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық форумының лауреаттарын марапаттау;
- "Санаторий-курорттық кешенді дамытуға қазіргі заманғы көзқарас: мемлекеттік органдар, кәсіподақ ұйымдары, ұлттық компаниялар, жеке серіктестік" атты дөңгелек үстел (ТМККК, МӘМС, НҚА мәселелері, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік пакеттер, кадрлар, медициналық туризм);
- "Егде жастағы және қарт адамдарды оңалтуда жұмыс істеудің және шкалалардың халықаралық жіктемесін пайдалану ерекшеліктері. Спортшылардағы FMS тестілеу мысалында егде жастағы адамдарда тірек-қимыл аппараты проблемаларының алдын алу ретінде қозғалыс ауруларын диагностикалау";
- Астана қаласының Медициналық және оңалту орталықтарына шолу экскурсиялары (ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы, "University Medical Center"корпоративтік қорының балаларды оңалтудың Ұлттық орталығы).
Форумның бірінші күні, 15.11.2022 жылы онлайн қосылуға болады:
Шипажай 2022
NАО "MUA" ұйымдастырушы
https://amu1.webex.com/amu1-ru/j.php?MTID=m75e171304a413c7eba079c376ec7e722
сейсенбі, 15 қараша., 2022 09:00 | 9 сағ | (UTC+06:00) Астана
Жиналыс нөмірі: 2518 644 2037
Құпия сөз: 547651Dq
Видео жүйесі арқылы қосылу үшін:
25186442037@amu1.webex.com теріңіз
Сондай-ақ, 210.4.202.4 нөмірін теріп, жиналыс нөмірін енгізуге болады.
Телефон арқылы қосылыңыз
+65-6703-6949 Singapore Toll
Кіру коды: 251 864 42037
Қосымша ақпарат алу үшін + 7 7014189181 телефоны бойынша хабарласуға болады,
Татьяна Хватикова, "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ бас маманы
e-mail: Hvatikova@qmu.kz