Жетекші шетел мамандарын шақыру бағдарламасы бойынша Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Евгений Фурман АстМУ-да дәріс оқыды.
Жетекші шетел мамандарын шақыру бағдарламасы бойынша 07.10.2022-10.16.2022 аралығында балалар аурулары кафедрасында кардиоревматология және гастроэнтерология курстарымен балалар пульмонологиясының өзекті мәселелері бойынша медицина ғылымдарының докторы, профессор Е. Фурман дәрістер мен мастер-класс сабақтары өткізілді. Бағдарлама студенттердің, интерндердің, ординаторлардың, педиатрлардың, ЖТД, балалар пульмонологтарының білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.
Іс-шарада пневмония, бронх демікпесі, жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бар науқас балаларды басқару бойынша соңғы халықаралық ұсынымдар қарастырылды. Вейпингтің өкпеге әсері, бронх-өкпе дисплазиясы, COVID-19, балалық шақтағы өкпе эмболиясының респираторлық аспектілері, балалардағы өкпенің интерстициальды аурулары туралы жаңа деректер ұсынылған.
Астана қаласының №2 және №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханаларында емделушілерге клиникалық шолулар өткізілді, оның барысында ауыр науқастарды, сирек кездесетін балаларды диагностикалау және емдеу саласында тәжірибе алмасты.
«Астана медицина университеті» КеАҚ мен Е.А.Вагнер атындағы Пермь мемлекеттік медицина университетінің алдағы уақытта бірлескен жұмыс жоспары ұсынылды. Кафедраның педиатрия саласындағы ғылыми зерттеулері, атап айтқанда балалардағы семіздік және пост-ковид синдромы бойынша бірлескен жобалар да жоспарлануда.