МУА магистранты Клышбеков Нұржан Углы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры стипендиясының иегері атанды

МУА магистранты Клышбеков Нұржан Углы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры стипендиясының иегері атанды


      "Қоғамдық денсаулық сақтау" бағдарламасы бойынша оқитын Астана медицина университетінің магистранты Нұржан Углы Қылышбеков Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік Стипендиялар республикалық конкурсының жеңімпазы атанды.

Биыл 18 сәуір мен 30 маусым аралығында өткен байқауға 293 өтінім келіп түсті. Байқауға бүкіл Қазақстаннан қатысты.

Байқау шарттарына сәйкес 80 студент жеңімпаз деп танылды. Олардың есімдері Алматы қаласында өткен салтанатты рәсімде жарияланды. Бір оқу жылы ішінде олар ай сайын 40 мың теңге көлемінде стипендия алатын болады.

Аталған стипендия республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын, ғылыми еңбектер жинағында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын, жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, қоғамдық, мәдени іс-шараларға белсенді қатысқаны куәліктермен расталған студенттерге беріледі.



Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика
$('[data-toggle="datepicker"]').datepicker();