ҚҰРМЕТТІ «МЕЙІРГЕР ІСІ» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 1 ЖӘНЕ 2 КУРС МАГИСТРАНТТАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ «МЕЙІРГЕР ІСІ» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 1 ЖӘНЕ 2 КУРС МАГИСТРАНТТАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫ!

Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде «Мейіргер ісі» оқу бағдарламасының 1 және 2 курс магистранттары мен докторанттары үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Або академиясы университетінде (Финляндия) ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтуге конкурс жарияланады. Тағылымдама кезеңі: 2023 жылдың 01 наурыз мен 19 сәуір аралығы.

 

Erasmus + бағдарламасы әуе билет және тұру шығындарының құнын қамтиды.

Виза мен сақтандыруды рәсімдеу шығындары білім алушылардың өз есебінен өтеледі.

Оқу тегін.

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1.академиялық қарыздың болмауы;

2.тәртіптік құқық бұзушылықтың болмауы;

3.GPA-3.2 (транскрипт бойынша)

4.халықаралық және республикалық олимпиадаларда/конференцияларда жүлделі орындардың болуы (қосымша балл алу мүмкіндігі беріледі);

5. шет тілін меңгеру B2 (upper-intermediate) деңгейінен төмен емес болуы тиіс, бұл жарамды халықаралық сертификаттардың (IELTS, TOEFL) немесе білім беру ұйымы берген шет тілін меңгеру деңгейінің сертификатының/куәлігінің болуымен расталады.

Жоғарыда аталған шет тілін меңгеру сертификаты болмаған жағдайда, кәсіптік шет тілін меңгеру деңгейі транскрипттегі 3,0-ден кем емес бағасының болуы арқылы конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:

1. Ағылшын тіліндегі түйіндеме

2. Ынталандыру хаты

3. Ұсыныс хат

4. Фото 3*4

5. Вакцинация

6. Паспорт

7. Бакалавр дипломына қосымша

8. Жеке оқу жоспары (диссертация тақырыбына сәйкес)

Барлық құжаттар ағылшын тілінде тапсырылу керек.

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 2022 ЖЫЛДЫҢ 25 ҚАРАША МЕН 02 ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 17:00-ГЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАЙДЫ.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Тел: 53-94-42, бас ғимарат 613 кабинет

Консультация: 16:00-17:30

Конкурстың өтетін күні кейінірек хабарланады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика