Жұмыс берушілермен кездесу
Жұмыс берушілермен кездесу
АстМУ-да Фармация мектебінің түлектері әлеуетті жұмыс берушілермен кездесті.
Кездесуге АльфаМед ірі дәріхана желісінің HR-менеджері және SOLGAR фармацевтикалық компаниясының өкілдері: Қазақстандағы SOLGAR директоры қатысты.
SOLGAR компаниясы "Медициналық таныстыру және брендті тиімді жылжыту" тақырыбында мастер-класс өткізді.
Альфамедтің HR-менеджері табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға арналған: soft-skills дамыту, түйіндеме жасауға көмектесу, әңгімелесуден өту және өзін-өзі таныстыруды пысықтау секілді шеберлік класын өткізді.
Дөңгелек үстел отырысында компанияға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы студенттердің хабардар болу деңгейін арттыру, студенттерді кәсіптік практикаға және бизнес-тренингтерге шақыру мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс берушілер мен университеттің дуальді оқыту және студенттердің өндірістік практикадан өтуі үшін базалар ұсыну саласындағы тиімді ынтымақтастық меморандумдарының шарттары талқыланды.