Астана медицина университетінде ресейлік ғалым О.А. Пустотинаның қатысуымен семинар өтті. Іс-шараны біздің университет Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырды.
О.Пустотина Ф.Иноземцев атындағы медициналық білім академиясының репродуктивті медицина курсы бар Акушерлік және гинекология кафедрасының профессоры (Санкт-Петербург қ.), медицина ғылымдарының докторы, "Экспертология" ғылыми-білім беру жобасының жетекшісі.
Кездесуде дәрігерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы ұсынылып, "Экспертология" авторлық ғылыми жобасына қатысты ақпарат жарияланды. Әйелдердің репродуктивті денсаулығының өзекті мәселелері, әр түрлі жастағы әйелдердің жағдайы көтерілді, сондай-ақ ғалымның редакциясымен "Емшек сүтімен емізу" атты кітап таныстырылды.
Семинарға қатысушылар осындай шаралар шеңберінде тәжірибе алмасу білім кеңейтуге және денсаулық сақтау саласын дамытуға ықпал етеді деген ортақ пікірге келді.