Алмаз Шарман: деструктивті медицина немесе сындарлы денсаулық

Алмаз Шарман: деструктивті медицина немесе сындарлы денсаулық

Алмаз Шарман: деструктивті медицина немесе сындарлы денсаулық

Астана медицина университетінде танымал қоғам қайраткерлері мен атақты дәрігерлерді студенттермен кездесуге шақыру дәстүрге айналған. Олардың есімдері елімізде ғана емес, шер жерлерде де белгілі.

Мұндай кездесулер жастарды оқуға ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар қонақтардың өзі, өмірі, жеткен жетістіктері туралы деректер медицинадағы кәсіби жолын енді бастаған студенттерге үлгі болады.

Өткен демалыс күндері біздің университетке профессор Алмаз Шарман келді.

Алмаз Төрегелдіұлы - медицина ғалымы, медицина профессоры, американдық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Профилактикалық медицина академиясының және Ұлттық салауатты тамақтану орталығының президенті. Ол "Деструктивті медицина немесе сындарлы денсаулық" тақырыбына дәріс оқыды.

Дәріс денсаулық сақтау саласындағы өзекті трендтер және диагностика мен емдеудегі заманауи тәсілдер туралы туралы болды, студенттер мен оқытушылардың шынайы қызығушылығын тудырды.

Студенттермен кездесуден естелік ретінде Алмаз Шарман мырза тілектер кітабына жазба қалдырды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика