2023 жылдың 20 ақпанында университетіміздің қабырғасында «Мейіргер ісі» және «Кинезитерапия» бакалавриат бағдарламаларының түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Мейіргер ісі және Кинезитерапия саласында жоғары білімді білікті мамандар көбеюде! 24 түлек жоғары оқу орнының дипломын алды.
Түлектерді құттықтап, құттықтау сөз сөйлеген Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Букеева Жанар Қаналбаевна диплом алу әрбір студенттің өміріндегі ең маңызды және қызықты күндердің бірі екенін атап өтті.
Түлектер өз пікірлерінде университетке, оның басшылығына және оқытушыларына студенттік өмірінде бөліскен тәжірибесі, шыдамдылығы, білімі мен даналығы үшін шынайы алғыстарын білдірді!
Түлектерімізді құттықтаймыз және олардың барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!