Академик Ерболат Дербісәліұлы Дәленов өмірден өтті

Академик Ерболат Дербісәліұлы Дәленов өмірден өтті

Академик Ерболат Дербісәліұлы Дәленов өмірден өтті

Астана медицина университетінің ұжымы үшін орны толмас қайғы орын алды.

 

Ұлағатты ұстазымыз, әріптесіміз Ерболат Дербісәліұлы Дәленов дүниеден озды. Бір өзінің өмір жолы бір энциклопедия болатын, қазына қартымыз, қадірлі ақсақалымыз, құрметті профессорымыз, оқу ордамыздың мақтанышы болған Ерболат ағадан айрылғанымыз қабырғамызға батады.

 

Ерболат Дербісәліұлы - медицина ғылымдарының докторы, құрметті профессор, Астана медицина университетінің Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының меңгерушісі.

Ол біздің университеттің алғашқы түлегі және ұжым үшін мамандыққа деген сүйіспеншіліктің, адалдықтың және махаббаттың таңғажайып үлгісі.

 

 

 

Дұрыс өмір сүру керек, Бауырлар...

(авторы Дәленов Ерболат Дербісәліұлы)

 

Дұрыс өмір, бауырлар, сүру керек:

Ұлтыңның келешегі, Һәм өзің үшін,

Рахымдылықпен сезінсең өмір күшін,

Ырысың еселенер, соны түсін!

Сол үшін мазмұнды өмір сүру керек!

 

Өмір сүру бақыттың шыңы емес пе?

Мейірімін сездіретін сыртқы ортаның.

Ішкі дүниең онымен келіспесе,

Рахатын сезбей өтерсің бұл ортаның.

 

Сондықтан, сүйсіну бұл өмірде керек екен!

Үркіткен жан-дүниеңді оған бекер екен.

Ретімен бұл өмірде жүре берсең,

Уланарсың һәм мәңгілік сезімменен.

 

Керек пе ренжіп һәм ренжіткен,

Ерегісіп, артынан өкініш кешкен.

Растаумен өтірігін өткір сөзбен,

Еселеп күдіктенер мұңды жүзбен,

Керек пе осылай өту бұл өмірден?

 

Бақытты болу, дұрыс өмір талабы,

Адамгершілік негізгі оның саласы,

Уызынан сол негізге бейімдеу,

Ынтымаққа әрқашан жол табады.

Рақымдылық, жақысылық һәм келісім,

Лайықты болсын бәрімізге ел үшін,

Айтарым көп бауырларым, қандасым

Рухы тек ұлы Алаштың қолдасын!

 

Марқұмның барша ағайын-туысына, отбасы, жақын-жұрағатына, дос-жарандарына қайғырып көңіл айтамыз. Ерболат Дербісәліұлы ұстазымыздың иманы саламат болсын, жатқан жері жайлы, жаны жаннатта болсын!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика