«Жалпы медицина» мектебінің студенттерімен кездесу өтті.

«Жалпы медицина» мектебінің студенттерімен кездесу өтті.

«Жалпы медицина» мектебінің  студенттерімен кездесу өтті.

 

Астана медицина университетінде 23-24 ақпан күндері «Жалпы медицина» мектебінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу «Студенттер арасында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру», «Биохимияның медицинадағы ролі» тақырыптарына арналды.

Студенттермен кездесуге «Жалпы биохимия» кафедрасының профессорлары, х.ғ.д. Т.С. Сейтембетов және А.Ж. Сейтембетова шақырылды. Олар - АстМУ қабырғасында көп жылдар бойы үздіксіз еңбек еткен, көптеген ғылыми жұмыстар, кітаптар жазған, студенттермен қатар, магистрант, докторанттарды дайындап шығарған құрметті профессорлар.

Профессор А.Ж. Сейтембетова кездесу барысында өзінің еңбек жолымен, баспадан шыққан әдістемелік нұсқаулықтары мен кітаптарымен таныстырып өтті.

Профессор Т.С. Сейтембетов студенттерге ғылыми жұмыстармен айналысу жолдарын, оның маңыздылығын айтты. Көптеген кітаптарын кездесуге ала келіп студенттерге көрсетті. Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, өздерінің қызығушылықтарын көрсетті.

Аталған кездесуге, сондай-ақ, «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы мектебі деканының м.а. Айнур Сариева, «Спорт және жастар жөніндегі орталықтың» басшысының м.а. Болат Байқадамов, «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы мектебі деканының орынбасары Бақшагүл Нұрхан қатысты.

Кездесу өте қызықты, маңызды сұрақтарды талдай отырып өткізілді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика