АстМУ-да фитнес зал ашылды

АстМУ-да фитнес зал ашылды

АстМУ-да фитнес зал ашылды

Заманауи тренажерлармен жабдықталған, кең және жарқын фитнес залы бүгін Астана медицина университетінде студенттер мен ұстаздар үшін есігін айқара ашты.

ЖОО-да әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар мен турнирлер өткізу жақсы дәстүрге айналған және бұл студенттер мен оқытушылардың денсаулығының кепілі екендігі сөзсіз. Біздің студенттер арасында қалалық, республикалық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары бар.

Университетте "Салауатты университет" атты бірегей жоба жүзеге асырылуда. Мақсаты "Салауатты университет" жобасы: оқу ортасының сапасын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді академиялық және әкімшілік шараларды енгізу арқылы ЖОО білім алушыларының денсаулығын нығайту бойынша көшбасшылық.

Залда кәсіби жаттықтырушы-нұсқаушылар болады, олар жаттығу кезінде студенттер мен оқытушыларға кеңес береді, кәсіби көмек көрсетеді.

Фитнес залының салтанатты ашылу рәсіміне Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев, Илья Ильин, күш нөмірлері бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Гиннес кітабының рекордсмені және ҚР алты дүркін рекордсмені Сергей Цырюльников, көркем гимнастикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиада қатысушысы Анна Алябьева, қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер, ҚР-дағы street workout қозғалысының негізін қалаушылардан Айтым Жақыпов, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен спортшылар Дмитрий Инютин, Азамат Қарлығашев, Дамир Сатыбаев және басқалар қатысады.

          Фитнес залының салтанатты ашылуының қорытындысы Астана медицина университеті мен "Қазақстан спортшылар одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды.

          Тараптар салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында спортты насихаттау аясында ынтымақтасуға келісті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика