Базалық пәндер бойынша білім кесіндісі нәтижелерімен танысу және талқылау мақсатында кафедра меңгерушілерімен кездесу өтті

Базалық пәндер бойынша білім кесіндісі нәтижелерімен танысу және талқылау мақсатында кафедра меңгерушілерімен кездесу өтті

2023 жылғы 10 наурызда Стоматология мектебінің деканы В. Р. Деточкинаның кабинетінде базалық пәндер бойынша білім кесіндісі нәтижелерімен танысу және талқылау мақсатында кафедра меңгерушілерімен кездесу өтті.

Білім кесіндісі 14 пән бойынша тестілеу түрінде Стоматология білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері арасында өтті.

Кездесу барысында осы пәндер бойынша білім кесіндісі мен талдау нәтижелері талқыланды және меңгерушілер төмен нәтижелерге әкелген мәселелерді айтты.

Сындарлы диалогта қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін негізгі бағыттар мен ұсыныстар айқындалды.

Кездесу қорытындысы бойынша келесі шешім қабылданды: кафедра отырыстарында білім кесіндісін талдауды талқылау және Стоматология мектебі КеАҚ «Астана медицина университеті» Академиялық кеңесіне ұсынатын шешім жолдарын қалыптастыру.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика