2023 жылғы 30-31 наурызда Уфа қаласында Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің базасында стоматология бойынша халықаралық деңгейде «Оралдың інжу-маржаны» атты Бүкілресейлік студенттік олимпиадасы өтті. Олимпиада нәтижесі бойынша «Астана медицина университеті» КеАҚ командасы I дәрежелі грамотамен марапатталды.
Олимпиадаға қатысқан «Стоматология» мектебінің студенттерін құттықтаймыз:
1. Гаджиева Пэри («Хирургиялық стоматология» номинациясы бойынша I дәрежелі грамота);
2. Чижикова Анастасия («Терапевтік стоматология» номинациясы бойынша II дәрежелі грамота);
3. Гаджиева Жасмин («Ортопедиялық стоматология» номинациясы бойынша II дәрежелі грамота);
4. Яремчук Дарья («Хирургиялық стоматология» номинациясы бойынша III дәрежелі грамота).