Бүгінгі іс – шара-біздің сүйікті тәлімгерімізге, досымызға және әріптесімізге құрмет. Ерболат Дербісәліұлы Дәленов атындағы ғылыми-зерттеу институтының ашылуы оның соңғы онжылдықтардағы еліміздің халқын сауықтыру жөніндегі белсенді жұмысының нәтижесі.

Бүгінгі іс – шара-біздің сүйікті тәлімгерімізге, досымызға және әріптесімізге құрмет. Ерболат Дербісәліұлы Дәленов атындағы ғылыми-зерттеу институтының ашылуы оның соңғы онжылдықтардағы еліміздің халқын сауықтыру жөніндегі белсенді жұмысының нәтижесі.

Бүгінгі іс – шара-біздің сүйікті тәлімгерімізге, досымызға және әріптесімізге құрмет. Ерболат Дербісәліұлы Дәленов атындағы ғылыми-зерттеу институтының ашылуы оның соңғы онжылдықтардағы еліміздің халқын сауықтыру жөніндегі белсенді жұмысының нәтижесі.

Бүгін, 2023 жылдың 6 сәуірінде Астана медицина университетінде Ерболат Дербісәліұлы Дәленов атындағы "Профилактикалық медицина" ғылыми-зерттеу институты салтанатты түрде ашылды.

Институтты ашуға орай ұйымдастырылған Е.Дәленовты еске алуға арналған конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният, ПІБ Медициналық орталығының басшысы А.В. Цой, ҚР Мемлекеттік және саяси қайраткері Қ. Е. Көшербаев, елорданың медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.

Академик Е. Д. Дәленов Астана Медицина Университетінің, сол кездегі Целиноград медициналық институтының алғашқы түлектерінің бірі. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының меңгерушісі Ерболат Дербісәліұлы Дәленов профилактикалық медицина институтын құруды.

Ол Қазақстан Республикасы профилактикалық медицина академиясының және валеология академиясының, Нью-Йорк Ғылым Академиясының Құрметті академигі, Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі болды.

Көрнекті ғалымның отандық медицинаның дамуына қосқан үлесі туралы Астана медицина университетінің Басқарма Төрағасы – ректоры Камалжан Надыров өзінің құттықтау сөзінде айтты. Ол әріптестері мен туған-туыстарын айтулы оқиғамен құттықтап, конференция аясындағы кездесу-сүйікті тәлімгерге, досына және әріптесіне көрсетілген құрмет деп атады. Ал Ерболат Дербісәліұлы Дәленов атындағы ғылыми-зерттеу институтының ашылуы-оның соңғы жылдардағы халықты сауықтыру жөніндегі белсенді жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

Профилактикалық медицина институты профилактикалық медицина, ауруларды диагностикалау және алдын алу саласындағы іргелі зерттеулермен айналысуға арналған. Оның қызметі екі бағытта - білім беру және ғылыми бағытта дамиды. Институттың зерттеу географиясы елорда тұрғындарын, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік өңірлерін: Қостанай, Ақмола, Петропавл және Павлодар облыстарын қамтитын болады.

Қонақтар академик Е. Д. Даленов туралы көптеген жақсы ойлар, пікірлер айтты. Көпшілігі оның елорданың дамуына қосқан үлесі, мемлекеттік тілдің дамуы және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан ерекше үлесін атап өтті.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – дегендей шәкірт тәрбиелеп кеттіғ. Оның жетекшілігімен 5 докторлық, 24 кандидаттық, 15-тен астам магистрлік және 4 PhD диссертация қорғалды.

Е. Д. Дәленов "Қазақ тілі мәдениеті" қоғамын негізін қалаушылардың бірі, ҚР терминологиялық комиссиясының мүшесі, салауатты өмір салты мәселелері бойынша СӨС ҚҚ ҒО үйлестіру кеңесінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының, елорданың аз қамтылған тұрғындарына көмек қорының хатшысы, облыстық және қалалық "Бөбек" қоғамының үйлестіру кеңесінің мүшесі,Астана қаласы еңбек ардагерлері кеңесі төралқасының мүшесі, сондай-ақ, университеттің "ЦММИ түлектері қауымдастығының" және "Ақылмандар кеңесінің" төрағасы болды.

Астана медицина университеті "Атамекен" ҰКП рейтингіне сәйкес еліміздің үздік 20 жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Бүгінгі іс-шараларға қатысушылардың пікірінше, Ерболат Дербісәліұлы Дәленов атындағы ғылыми-зерттеу институтының ашылуы отандық денсаулық сақтауды жоғары білікті кадрлармен толықтыруға ықпал ететін университет пен қазақстандық медицина ғылымын дамытудағы сәтті қадам болып табылады.

Іс-шараға профессордың ұлдары да қатысты. Олар университет ұжымына және барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика