2023 жылдың 28 сәуірде мектеп декандары, кафедра меңгерушілері, және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге жауапты академиялық блоктың әкімшілік-басқару персоналы үшін ұйымдастырылған «Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің кешенді бағдарламасын енгізу» (НИМО) біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.
Бұл курс 2023 жылдың 21-28 сәуір аралығында шетелдік маманды Fazıl Serdar Gürel (MD, отбасылық медицина маманы, Башкент университетінің медициналық білім беру орталығының қызметкері, стоматологиялық және фармацевтикалық мектептер декандарының білім беру кеңесінің мүшесі, Анкара, Түркия) шақыра отырып өткізілді.
Курс «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығына сәйкес үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің бағдарламаларын енгізу мақсатында андрогикалық тәсілдің принциптеріне негізделе отырып, интерактивті форматта өтті.
Курстың барлық қатысушыларына бакалавриат, интернатура және профильді магистратурамен интеграцияланатын деңгейаралық білім беру бағдарламаларын іске асыруда табыс және жемісті жұмыс тілейміз.