"Бір күнге АМУ студенті бол" атты іс-шарасы

"Бір күнге АМУ студенті бол" атты іс-шарасы

Қарқынды рекрутингтік бағдарламасын енгізу негізінде білім алушылар контингентін қалыптастыру, гигиена және эпидемиология кафедрасы қабылдау комиссиясымен бірлесіп ағымдағы жылдың 3 мамыр күні "Бір күнге АМУ студенті бол" атты іс-шарасы өткізілді. Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің 30 – дан астам 9-11 сынып оқушылары бір күнге АМУ студенттері болды. Оқушыларды барлық оқу тәжірибесімен және СОӨЖ, СӨЖ жұмыстарын дайындау көрсетілді. Оқытушылар оқыту кезінде инновациялық технологияларды қолданды, оқушылар өлшеу хаттамаларын толтыра отырып, гигиеналық аспаптарда жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игерді, обаға қарсы костюмдерін қолдану алгоритмін есептелді, кітапханамен түрлі басылымдармен және ресурстармен жұмыс таңыстырылды, СӨЖ презентацияларын дайындады, студенттік асханада түскі ас ішті. Бұл тек мектеп оқушыларына ғана емес, оқытушыларға да қызықты тәжірибе болды! Мұндай іс-шаралар оқушылар үшін пайдалы болады деп үміттенеміз, ең бастысы оларға болашақ мамандығын анықтауға көмектеседі!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика