"Стоматология" мамандағы бойынша 1-2 курс студенттеріне арналған байқау

"Стоматология" мамандағы бойынша 1-2 курс студенттеріне арналған байқау

"Стоматология" мамандағы бойынша  1-2 курс студенттеріне арналған байқау

ҚҰРМЕТТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР!

2022-2023 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ресей халықтар достығы университетінде жазғы мектептен өтуге конкурс жарияланады:

1. Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу қаласы – 10 орын*
5 орын –оқу, тұру және саяхаттау тегін, әуе сапары – университет қаражаты есебінен, тамақтану – өз қаражаты есебінен;
5 орын – ақылы оқу 200 $, тұру және экскурсия осы сомаға кіреді, әуе сапары және тамақтану білім алушының өз қаражаты есебінен.
Оқу кезеңі – 1 апта 26.06.2023 – 30.06.2023
* (университет қаражаты есебінен екі жаққа да әуе қатынасы, сомасы 170 АЕК дейін)
Оқу бағдарламасы қоса беріледі!

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. академиялық қарыздың болмауы;
2. тәртіптік жазаның болмауы;
3. GPA – жақын шет елдер үшін 2,67-ден жоғары болу керек;
4. халықаралық және республикалық олимпиадаларда/конференцияларда жүлделі орындардың болуы (жақсырақ).
 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. түйіндеме;
2. мотивациялық хат;
3. ұсыныс хат;
4. Фото 3*4;
5. Вакцинация паспорты;
6. Төлқұжат;
7. Транскрипт.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР
Халықаралық ынтымақтастық орталығында
30.05.2023 ж. бастап 09.06.2023 ж. дейін уақыты 16:00-ден 17:30-ға дейін қабылданады.

Ұйымд.: Халықаралық ынтымақтастық орталығы
Тел: 53-94-42, бас. корпус, 716 каб.
Кеңес сағ: 16:00-17:30
Конкурстың өтетін күні: кейінірек хабарланады

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика