Білім беру және қашықтықтан оқыту технологияларын трансферттеу орталығының оқытудың тиімді технологиялары бойынша ОПҚ-ны оқыту жөніндегі 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 8-14 маусым аралығында биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы базасында 60 сағат көлемінде «Жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамының ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында университеттің оқытушы-профессор құрамы үшін оқыту семинарын ұйымдастырды.
Семинарда Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ж.Н.Әбдікадыр, биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Ж.Д.Сұлтанова және У.М.Жүнісова дәріс оқыды.
Оқу соңында бағдарламаны меңгерген 55 тыңдаушыға тиісті үлгідегі куәліктер берілді.