Магистратура түлектері диплом алды

Магистратура түлектері диплом алды

Магистратура түлектері диплом алды

2023 жылғы 26 шілдеде университетте магистратура түлектеріне дипломдар табысталды.

Магистрлік диссертацияны сәтті қорғап, "медицина", "денсаулық сақтаудағы менеджмент", "қоғамдық денсаулық сақтау", "мейірбике дело", "фармация" және "биология" білім беру бағдарламалары бойынша 68 түлек магистр дәрежесімен диплом алды.

Астана медицина университетінде магистратураға дайындық 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді және осы жылдар ішінде ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы 503 магистр даярланды.

Бүгінгі таңда магистратурада 8 ғылыми-педагогикалық және 4 бейіндік бағыттағы білім беру бағдарламасы бойынша дайындық жүргізілуде. Магистратурада білім беру қызметтерінің спектрі кеңеюде, денсаулық сақтау және медицина ғылымы жүйесінің өзекті бағыттары бойынша жаңа білім беру бағдарламалары әзірленуде және енгізілуде.

Магистранттар ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады, олардың ғылыми мақалалары отандық журналдарда және Scopus, Web of Science базаларына кіретін халықаралық журналдарда жарияланады.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмыстарынан алынған нәтижелері кейбір нозологияларды диагностикалау мен емдеуде, медициналық білім беруді дамытуда, денсаулық сақтау менеджментін жетілдіруде жаңа тәсілдерді енгізу үшін практикалық маңызға ие.

Ғылыми-практикалық бағыттағы көптеген магистрлер университет кафедраларында қалады және медицина кадрларын даярлауға үлес қосады.

Университет басшылығы, ғылыми жетекшілер, оқытушылар мен декандар дипломдар табыстап, магистратура түлектеріне өз тілектерін жеткізді.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика