Жатақханада тұру жағдайына қатысты жасырын шағымға жауап

Жатақханада тұру жағдайына қатысты жасырын шағымға жауап

Астана медицина университеті әлеуметтік желілерде Жеңіс даңғылы 35 мекенжайында орналасқан университеттің жатақханасында тұрудың қанағаттанарлықсыз жағдайлары туралы таратылған анонимді шағымға қатысты келесі ақпаратты хабарлайды.

Шағымда айтылған барлық фактілерді тексеру үшін студенттер өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылды. Комиссия жүргізген тексеріс шеңберінде фактілердің ешқайсысы расталмады, оның ішінде санитариялық нормалардың сақталмауы және тарақандардың болуы, жатақханаға орналастыру рәсімінің ашық болмауы, бөлмелерге 4-тен көп студентті орналастыру және т.б. фактілер.

Білім алушыларды жатақханаға орналастыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес штаттық режимде өтеді. Бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы білім алушылар орналастырылады. Бөлмелердегі орындар Платонус жүйесі арқылы автоматты түрде бөлінеді.

Жатақханада студенттердің және олардың ата-аналарының шағымдары мен өтініштері бойынша жедел шешім қабылдау мақсатында студенттерді орналастыру бойынша штаб ұйымдастырылған. Әрбір бөлмеге проблемалық мәселелер болған жағдайда енгізу үшін чек парақтары беріледі, проблема туындаса ол бақылауға алынады және шұғыл шешіледі.

       Студенттерді қоныстандыруға дайындық аясында ағымдағы жылдың 26 тамызында жатақхананың 2 блогына жоспарлы дезинфекция жүргізілді. Дезинфекциядан кейін клинингілік компания барлық бөлмелерді тазартты. Күн сайын тұрғын үй-жайларда тарақандар мен қандаланың бар-жоғы тексеріледі.

       Университет жатақхана ғимараты ескі, 1974 жылы салынғанын мойындайды. Осыған байланысты, Университет үй-жайларды кезең-кезеңімен жөндеуді бастады, қаражат бөлінді және қажеттілігіне қарай жиһаз бен тұрмыстық техниканы жаңарту жүргізілуде.

       Сонымен қатар, жыл сайын артып келе жатқан білім алушылар контингентін ескере отырып, университет жаңа жатақхана салу жұмыстарын бастады. Ағымдағы жылы Астана қаласының әкімдігі университетке жер учаскесін бөлді, ол учаскеге 3000 орындық жаңа жатақхана салу жоспарланып отыр, бұл барлық мұқтаж студенттерді тұрғын жаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, келесі жылдан бастап университет ағымдағы жылы университет балансына берілген Рамада Плаза қонақ үйінің бұрынғы ғимаратына студенттерді (шамамен 800 орын) орналастыруды жоспарлап отыр.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика