Қазақстан Конституциясы – қоғамымыздың берік іргетасының шынайы бағдары

Қазақстан Конституциясы – қоғамымыздың берік іргетасының шынайы бағдары

Қазақстан Конституциясы – қоғамымыздың берік іргетасының шынайы бағдары

30 тамыз – Қазақстанның Конституциясы күні.

Конституция – ел тәуелсіздігі мен бостандығының, бірлігі мен тұрақтылығының нышаны. Бүгінде қолданылып жүрген Негізгі Заң – барлық мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, әрбір қазақстандықтың бірлескен, қажырлы да сындарлы еңбегінің жемісі.

1995 жылғы Конституция демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет, еркін азаматтық қоғам құрылысын жариялады. Ал біз баршамыз қазақстандық қоғамның Конституцияға және бұрынғы конституциялық реформалардың қисынына қатаң сәйкестікте жүріп жатқан оң өзгерістер мен қайта құрулардың куәсі болудамыз.

Конституция – біздің алға жылжуымыздың берік іргетасының шынайы компасы, егеменді, тұрақты және демократиялық Қазақстанды дәйекті құрудағы сенімді бағдар».

Құрметті әріптестер, мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!


Құрметпен,

Медициналық құқық және этика кафедрасы

«Астана медицина университеті» КеАҚ


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика