Астана медицина университеті КеАҚ-да 2023-2024 оқу жылына ақылы негізде оқу құнын арттыру мәселесі бойынша

Астана медицина университеті КеАҚ-да 2023-2024 оқу жылына ақылы негізде оқу құнын арттыру мәселесі бойынша

Астана медицина университеті КеАҚ-да 2023-2024 оқу жылына ақылы негізде оқу құнын арттыру мәселесі бойынша

Астана медицина университеті 2023-2024 оқу жылына ақылы негізде оқу құнын арттыру мәселесі бойынша келесі ақпаратты хабарлайды.

Ақылы негізде білім алушылар үшін оқу құнын арттыру туралы шешімді Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдады және мәжбүрлі шара болды.

Оқыту құнына бірқатар компоненттер кіретінін түсіну маңызды, олар ғимараттарды жалға алу және күтіп ұстау, оқытушылардың жалақысы, коммуналдық және тазалау қызметтері, интернет, әртүрлі керек-жарақтар және сапалы оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті тағы да басқалар.

Ұлттық банк бекіткен дәлізге сәйкес, 2023 жылға арналған инфляцияның болжамды деңгейі 9-12%-ды құрауы тиіс еді, нақты мәні 14-20% дәлізде өзгеріп отырады, бұл жоғарыда аталған процестерге тікелей әсер етеді.

Оқуды жалғастыратын студенттер санаты үшін инфляцияны ескере отырып, оқу құны тек 10%-ға артқанын атап өткен жөн. Оқу құнының өсуі "Жалпы медицина" және "Стоматология" білім беру бағдарламалары бойынша бірінші курсқа түсушілерге көбірек әсер етеді.

Ақылы негізде білім алушылар үшін бұрын қолданыста болған оқу құны Университеттің шығындарын өтемейді. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап 1-2 курс үшін мемлекеттік гранттардың құны (1 001 мың теңге), ал 3,4,5,6 және 7 курс үшін (609 мың теңге) 2018 жылдан бастап мүлдем көтерілген жоқ, ал білім алушылардың басым көпшілігі дәл осы санат. Мұның бәрі оқытудың өзіндік құны жылына 2 млн. теңгеге жуық болып тұрғанда.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес және Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 272 "Оқытушылардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарының жалақысын арттыруды қамтамасыз ету" туралы бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап ОПҚ үшін жалақыны орта есеппен 30%-ға ұлғайту жоспарлануда:

1) шығыстар бабы бойынша 2023 жылы оқытушы-профессорлар құрамының жалақысын арттыру көзделмеген болатын;

2) Осының салдарынан оқу құны қосымша 30%-дан астамға артады.

Оқыту сапасын жақсарту және студенттердің теориялық және практикалық дағдыларды меңгеруі үшін инвестициялар салу қажет:

- оқу сыныптарын заманауи қымбат медициналық жабдықтармен толық жинақтау, симуляциялық орталық үшін жабдықтар сатып алу, кітап қорын жаңарту және т.б.;

- бұдан басқа, білім алушылар топтарын жинақтау 25-30 адамнан емес, 8-15 студенттен жүргізіледі.

Сондай-ақ, университетте халықтың осал топтарынан шыққан білім алушылардың жекелеген санаттары үшін қолдау жүйесі қарастырылғанын атап өтеміз, мысалы, жатақханада тегін тұрғызу, университет есебінен тегін тамақпен қамтамасыз ету, киім-кешекке қаражат бөлу және т.б. Сондай-ақ бөліп төлеу бойынша жеңілдіктер беру көзделген. Жоғары оқу орнының қаражаты есебінен үлгерімі жоғары білім алушыларға атаулы шәкіртақылар беріледі. Әлеуметтік мәртебесі мен үлгеріміне байланысты жеңілдіктер жүйесін құру мәселелері де қарастырылады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика