8 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне арналған шара өтті

8 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне арналған шара өтті

2023 жылдың 8 қыркүйегінде Астана медицина университеті жатақханасының оқу залында Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне арналған іс-шара өтті. Студенттердің алдында өмірінде кездескен қиын жағдайларға байланысты өз-өзіне қол жұмсау туралы бірнеше рет ойлаған адамдар сөз сөйледі.

Қазіргі уақытта Байленов Есен Мекембайұлы мен Шаймерденова Анар Жеңісқызы салауатты өмір салтын және өмірге құштарлық ұстанымдарын белсенді насихаттаушы, еріктілер болып табылады және үмітсіздік пен күйзеліс шегіндегі адамдарға барынша қолдау көрсетеді. Бірақ бұл әрдайым бола бермейді.

Есен мен Анардың айтуы бойынша, бүйректері дұрыс жұмыс істемей, қысымы көтеріліп, көру қабілеті нашарлай бастағанда, оларға бұлай қиналғанша өлген дұрыс деген ойлар бірнеше рет келген.

Бірақ Анара да, Есен де өмірдегі құндылықтарын қайта қарауға, күйзеліс мен үмітсіздік сезімін жеңуге, денсаулығын жақсартуға күш тапты. Анар өзінің блогын құрды, қажетті соманы жинады және өзінің арманын орындады: 15.06.2022 жылы Минскіде оған бүйрек трансплантациясы жасалды. Қазіргі уақытта ол өзінің блогында өзі сияқты жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуді және көмектесуді жалғастыруда; жұмыс істейді, оқиды, халыққа донорлық туралы ақпарат береді, "28 ілмек" клубында ерікті.

Есеннің диагнозы: "Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі". Ол 3 жылдан бері диализде және трансплантацияны күтуде. Бұрынғы әскери қызметкер денсаулығына байланысты 1 дәрежелі мүгедектік атанды. Осыған қарамастан Есен спортпен шұғылдануды жалғастыруда, марафондарға қатысады, сонымен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Ол өзінің барлық спорттық жетістіктерін өзінің спорт блогына жүктейді, жеңістерін осындай жағдайға тап болған адамдарға арнайды, оларға моральдық тұрғыда қолдау көрсетеді.

Студенттермен кездесуде Анар мен Есен өз бастарынан өткен оқиғаларды баяндай отырып, өмірге деген оптимистік көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ күйзелісті жеңу жолдарымен бөлісті.

Болашақ дәрігерлер өз кезегінде, өз өмірлерін өзгерткен адамдарды зор ықыласпен және құрметпен тыңдады, оларға қошемет көрсетті, ерік-жігер, эмпатия, пациенттердің өміріндегі дәрігерлердің рөлі туралы сұрақтарға жауп беріп, өз пікірлерін білдірді.

Іс-шара өте жылы, достық қарым-қатынас негізінде өтті. Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар: тағдырдың түрлі сынағын қасқайып тұрып қарсы алып, «адам» деген атқа лайық өмір сүру керек деген тұжырымға келді.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика