«XXI ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым және практиканың алғы шебінде» атты халықаралық саммитіне 2023 жылғы 8-қыркүйек күні "Enactus" студенттік ұйымының мүшелері белсенді қатысты. Олар әр түрлі тақырыпта баяндама оқыды.
"Стоматология" мамандығының 2 курс студенті Тастамбеков Иманғали Health.ai туралы айтты. Бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға және оны адамдарға қол жетімді етуге бағытталған стартап. Студенттер медицинадағы озық технологияларды, дәлірек айтқанда жасанды интеллектті қолдануды ұсынады. Бот-кеңесші пациентке қай маманға жүгіну керектігін, өзіне алғашқы көмек көрсетуді, шамамен диагноз қоюды түсіндіреді.
"Фармация" мамандығының 4 курс студенті Кадралинова Зарина және "Фармация" мамандығының 5 курс студенті Ырысты Қызых аудиторияға ONIM туралы айтып берді. Бұл қазіргі заманғы медициналық нутрициология қағидаттарымен байланысты Қазақ ұлттық тағамының жақсартылған рецепті негізінде экологиялық таза өнім дайындауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба. Бірегейлігі – қант алмастырғышты қосуға байланысты өнімдерде қант жоқ, сонымен қатар біздің университет профессорларының дәрумендік қоспаларымен толықтырылған, сондықтан қант диабетімен ауыратын науқастарға қолдануға рұқсат етілген. Арнайы және қарапайым өндіріс технологиясы бар, қолдануға ыңғайлы, сонымен қатар ерекше этникалық стильде ұсынылған.
Сондай-ақ, белсенділер жобаға қосымша біздің халқымыздың ұлттық дәстүрлері туралы хаттар, "Onim is..."тілектер форматында бірнеше қызықты материалдар салды".