2023 жылғы 16 қыркүйекте академик Е.Дәленов атындағы ғылыми-зерттеу институты оқытушы-профессорлар құрамы мен институт қызметкерлері арасында академик Е.Д. Даленовті еске алуға арналған волейболдан турнир өткізді. Турнирге барлығы 6 команда қатысты, олардың арасында арнайы шақырылған қонақтар – академик Е.Дәленовтың туыстары болды.
Ойын өте тартысты өтті, дегенмен жарыста жүлделі орындарды:
1-орын – «Қоянды»;
2-орын – Е.Дәленов атындағы ҒЗИ;
3-орын – онкология кафедрасы иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Турнир жолдастық жағдайда өтті, қатысушылар оның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.