Астана медицина университетінде Ш. Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

Астана медицина университетінде Ш. Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

Астана медицина университетінде Ш. Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

2023 жылғы 21 қыркүйекте Астана медицина университеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім мұрасы – ұлттың асыл қазынасы» тақырыбында республикалық конференция өткізді.  

Іс-шараның мақсаты: Қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, ақын, философ, тарихшы, сазгер, аудармашы, публицист Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерделеу, оның шығармаларының жас ұрпақты тәрбиелеудегі  рөлін ашу, тәжірибе алмасу.

Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Жунусова Айгүл Бітімбайқызы Университет басшылығы атынан сөз сөйлеп, конференция жұмысын ашты. 

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы Жұмағалиева Индира Абайқызы, Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Қасқатаева Нұрзила Ғалымжанқызы қатысып, құттықтау сөздерін жолдады.

Сонымен қатар конференцияға Қарағанды медицина университетінің Тілдерді дамыту орталығының басшысы Маретбаева Марина Әбілжанқызы, Семей медицина университетінің Жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті Жорокпаева Мейрамгүл Досанқызы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының аға оқытушысы Кемелхан Динара Жұбайханқызы, Астана медицина университетінің Филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жарикова Дидар Рымжанқызы және осы кафедраның доценті Дюсембаева Гүлхан Өмірбайқызы және Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Омарова Бибіжамал Қожахметқызы қатысып, Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығы жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ осы іс-шараға қатысқан Республикалық ғылыми медициналық орталықтардың өкілдері және Астана медицина университетінің оқытушы-профессорлары мемлекеттік тілді дамыту мәселесі туралы пікір алмасты.  

Конференция барысында қатысушылар Ш.Құдайбердіұлының  шығармашылығында көтерілген оқу-білімді насихаттау, рухани-адамгершілік құндылықтар және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.  

Конференция қонақтары мұражайға барып, Университет тарихымен және жетістіктерімен танысты.

Конференцияға қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастыру және өткізу деңгейіне жоғары баға берді.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.  

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика