Студенттер Еңбек күніне арналған кездесуге қатысты

Студенттер Еңбек күніне арналған кездесуге қатысты

Студенттер Еңбек күніне арналған кездесуге қатысты

2023 жылғы 22 қыркүйекте университетіміздің студенттері мен Спорт және жастар ісі жөніндегі орталық мамандары «Hilton Astana» қонақүйінде Еңбек күніне арналған кездесуге қатысты.

Аталмыш шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігілігі және Астана қаласының білім басқармасы, қаламыздағы университеттер, колледждер және 96 мектеп-гимназиясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жұмыс істейтін үздік отбасыларды және өндіріс қызметкерлерін марапаттауға бағытталған республикалық форум мен «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Шара аясында спикерлер мен ел жастары мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері арасында ашық диалог форматында семинар өткізді.

Бұл шараның мақсаты – қоғамда адал еңбек идеясын насихаттау және жастарға еңбек құндылықтарын үйрету. Студенттер мен мектеп оқушыларының кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында спикерлер болашақ мамандарға қызметтің белгілі бір салаларындағы жеке тәжірибесімен, білімдерімен бөлісті.

Іс-шараға университетіміздің студенттері белсенді қатысып, өздерін мазалаған сұрақтарын қойды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика