Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2023 жылдың 26 ​​қыркүйегінде «Астана медицина университеті» КеАҚ академиялық жұмыс жөніндегі проректоры А.Б.Жүнісова және «ENACTUS Қазақстан» жеке қорының Президенті А.М. Ержанованың қатысуымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум студенттік кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамытуға, инновациялық қызметті қолдауға, жастар арасында инновациялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал етуге бағытталған.

Меморандумның мақсаттары қатарында бірлескен конференциялар, семинарлар, көрмелер ұйымдастыру және өткізу, стартап-жобалардың, технологиялар мен әзірлемелердің деректер базасын қалыптастыру да бар.

 Ынтымақтастығымыз ұзақ және жемісті болады деп сенеміз!

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика