29 қыркүйекте Астана медицина университеті бас корпусының акт залында "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" және академик Е.Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ-мен бірлесіп "Қазақстандағы дәстүрлі медицинаның дамуы мен болашағы" атты алғашқы республикалық форум өтті.
Форумға дәстүрлі және қазақ медицинасының мамандары мен зерттеушілері, жоғары дәрежелі дәрігерлер, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, «дүниеждүзі қазақтары қауымдастығының» мүшесі, академик Жандарбек Мәлібекұлы, Назарбаев Университетінің профессоры Тұрсынжан Тоқайұлы, "қазақтар қауымдастығы" РБК төрағасының орынбасары Қарлығаш Бекпатшақыны Қожамұрат, "Астана медицина университеті" АҚ, академик Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ директоры, профессор Абдулдаева Айгүл Абдулдақызы, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Президенттің жастар резерві м.ғ.к., Әлібек Идырысұлы, "Астана медицина университеті" АҚ, академик Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ аға оқытушысы, "Дәстүрлі медицина" курсының жетекшісі Багай Назарбайұлы, С.Д. Асфендияров атындағы физикалық медицина және оңалту, спорттық медицина кафедрасының оқытушысы, «Қазақстандық комплементарлы медицина институтының» жетекші маманы Жукшева Майя Қанатқызы, "АПИ+" медициналық орталығының бас дәрігері, Қазақстандық комплементарлы медицина институтының директоры А.М. Иманғалиева, Алматы Гирудомет орталығының бас дәрігері, терапевт Нұржан Ғанимұратұлы Біртанов, медицина ғылымдарының магистрі, Ақтөбеден келген невропатолог, "Аққу" дәстүрлі шығыс медицинасы орталығының халықтық медицина дәрігері Зинелова Аққу Гайдарқызы, "Жас-ай" шығыс-тибет медицинасы орталығының директоры Жасан Зекейұлы және т.б., қоғам қайраткерлері, шетелдік қонақтар, зерттеуші-ғалымдар, оқытушылар, дәстүрлі медицина өкілдері пікірталастар өткізіп, өзекті мәселелерді шешуді ұсынды.
Сондай-ақ, "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" төрағасының бірінші орынбасары З. Тұрысбековтың арнайы шақыруы бойынша ҚХР Қазақ медицинасы Шыңжаң ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Шыңжаң медициналық университетінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы – Әсия Бейсенбайқызы құрметті қонақ ретінде қатысты.
Бұл бағытта ғылыми іс-шаралар (көрме, дөңгелек үстел, форум-пікірталас, мастер-класс) өткізілді.