2 қазан күні «АстМУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректор К.Т. Надыров жалпы ұжымға ректордың жастар саясаты жөніндегі жаңа кеңесшісі болып тағайындалған Абылайхан Әбдікерімұлы Әбдірашты таныстырды.
А.Ә. Әбдіраш – біздің университетіміздің түлегі, студенттік жылдары Студенттік кеңестің Президенті болған. Астана қаласы Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі.
Қазіргі уақытта республика бойынша 3000 мыңнан астам медициналық еріктілерді біріктіретін «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігін басқарады. Волонтерлік қозғалысты басқару барысында ұйым тарапынан 16 000-нан астам мұқтаж адамдарға көмек көрсетіліп, халықтың денсаулығын сақтау және медициналық сауаттылығын арттыру бойынша 250-ден астам әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізді.
Марапаттары:
• 2022 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тәуелсіздік Ұрпақтары» грантының иегері;
• 2022 ж. «Жыл патриоты» Республикалық сыйлығының иегері;
• 2022 ж. «Үздік волонтерлік ұйым» халықаралық сыйлығының иегері;
• 2021 ж. «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығының иегері;
• 2022 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Алғыс хат алған және басқа да көптеген марапаттарға ие.
Жаңа кеңесшінің қызметі университет жастарына қатысты кешенді саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған.