2023 жылдың 3 қазанында Спорт және жастар ісі жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 1 курс студенттерімен Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен киберқылмысқа қарсы кездесу өтті. Жиналыстың спикерлері: полиция капитаны, Сарыарқа АІІБ-нің киберқылмыспен күрес жөніндегі уәкілі Ш.Э.Жунусов, сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары С.С.Жаросхан мен Т.Қ.Жанузахов.
Шахназар Экласұлы студенттерге интернет-алаяқтықтың заманауи әдістері, зиянды мобильді қосымшалар туралы, оларды орнату арқылы банк карталарыңыздағы барлық қаражатты жоғалтуға болатыны туралы, қауіпті интернет сілтемелері туралы, оны басу арқылы жеке деректеріңізге қол жеткізуді оңай ашуға болатыны туралы айтып берді. Алаяқтар қашықтан несие алуға өтінішті оңай иемдене алады және оның жұмыс тәжірибесінен көптеген мысалдар келтірді.