Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік университеттерге оқуға конкурс жарияланады

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік университеттерге оқуға конкурс жарияланады

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік университеттерге оқуға конкурс жарияланады

ҚҰРМЕТТІ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ 6 КУРС ИНТЕРНДЕРІ !

2023-2024 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында көктемгі семестрде «жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша интерндерге келесі шетелдік университеттерге оқуға конкурс жарияланады.

1. Острава университеті, Чехия – 2 орын

Интернатура – Хирургия

Оқу мерзімі – 1 ай

* Ішінара қаржыландыру (университет қаражаты есебінен екі жаққа да әуе сапары, оқыту – тегін, тұру, виза, тамақтану – білім алушының қаражаты есебінен)

B2 / IELTS 6.5 - ағылшын тілі деңгейі (сертификат).

 2. Хаджеттепе университеті, Түркия – 6 орын

Интернатура – Хирургия, шұғыл көмек, Акушерия және Гинекология

Оқу мерзімі – 1 ай

* Ішінара қаржыландыру (университет қаражаты есебінен екі жаққа да әуе сапары, оқыту – тегін, тұру, тамақтану – білім алушының қаражаты есебінен)

B2 / IELTS 6.5 – ағылшын тілі деңгейі (сертификат).

 3. Любляна университеті, Словения – 4 орын

Интернатура

Оқу кезеңі-көктемгі семестр (3 ай)

Барлық шығындар Эразмус бағдарламасы бойынша грантпен жабылады +

B2 / IELTS 6.5 - ағылшын тілі деңгейі (сертификат).

 4. Башкент университеті, Түркия – 2 орын

Интернатура – Хирургия

Оқу мерзімі – 1 ай

* Ішінара қаржыландыру (университет қаражаты есебінен екі жаққа да әуе сапары, оқыту – тегін, тұру, тамақтану – білім алушының қаражаты есебінен)

С1 / IELTS 7-ағылшын тілі деңгейі (сертификат).

 5. Сеул ұлттық университеті, Корея – 4 орын

Интернатура – Хирургия

Оқу мерзімі – 3 апта

* Ішінара қаржыландыру (университет қаражаты есебінен екі жаққа да әуе сапары, оқыту-ақылы(тіркеу алымы -35 000 тн.

 Оқу ақысы – 3 апта үшін 210 000, тұру, тамақтану – білім алушының қаражаты есебінен)

B2 / IELTS 6.5 - ағылшын тілі деңгейі (сертификат).

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 1. академиялық қарыздың болмауы;

2. тәртіптік жазаның болмауы;

3. GPA - 3,2-ден (қайта жіберілген студенттер үшін – 3,6);

4. халықаралық және республикалық олимпиадаларда/конференцияларда жүлделі орындардың болуы (жақсырақ);

5. шет тілін меңгеру B2 (upper-intermediate) деңгейінен төмен емес, бұл жарамды халықаралық сертификаттардың (IELTS, TOEFL) немесе білім беру ұйымы берген шет тілін меңгеру деңгейінің сертификатының/куәлігінің болуымен расталады.

Қабылдаушы Тарапта шет тілін меңгеру бойынша өзге талаптар болған кезде қабылдаушы тараптың талаптары қолданылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:

1. CV

2. Motivation letter

3. Recommendation letter

4. Photo 3*4

5. Vaccination

6. Passport

7. Ағылшын тіліндегі Транскрипт.

 Барлық құжаттар ағылшын тілінде болуы керек.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Халықаралық ынтымақтастық орталығында

06.10.2023 ж. бастап 20.10.2023 ж. дейін

Ұйымд.: Халықаралық ынтымақтастық орталығы

Бас оқу корпус, 208 каб.

Кеңес беру және құжаттарды қабылдау 16:00-ден 17:30-ға дейін

Конкурстың өтетін күні: кейінірек хабарланады

 

 

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика