Астана медицина университетінде "Қоғамдық денсаулық және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері" атты дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге қатысушылар қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебінің білім беру бағдарламаларының құзыреттері мен нәтижелерін, практикалық дағдыларын; жұмыс берушілердің мамандарды даярлауға қанағаттануын талқылады. Дөңгелек үстел барысында дуальды оқыту мәселелері, өндірістік базалар ретінде тартылатын базалардың тиімділігі мен сапасы, сондай-ақ элективті пәндер каталогына енгізу бойынша ұсыныстар айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша іс-шараны ұйымдастырушылар, Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебі, Қоғамдық денсаулық және гигиена, қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедралары және дөңгелек үстелге қатысушылар білім беру бағдарламасының сапасы мен толықтығы, бейіндеуші және элективті пәндердің мазмұнына қойылатын талаптар, дуальды оқыту нысандарын кеңінен қолдану бойынша ұсыныстармен қарар қабылдады.

Дөңгелек үстел отырысына Астана қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры С.С. Бейсенова, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры Ж.А. Уразалина, ҚР ДСМ ҚДСҰО жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің директоры Е.Т. Тоқбергенов, Ұлттық сараптама орталығының Астана қаласы бойынша филиалының директоры Т.К. Тунгушпаев, "Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық аудиторларының Республикалық Қауымдастығы" ЖК және ЗТБ Басқарма төрағасы Қ. Шайсұлтанов, "Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік институты" ЖШС директоры Д.Ысқақ, ҚР ДСМ бас штаттан тыс кәсіби патологы, "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ А.У.Аманбекова, «Institute of Integrative Medicine and Wellness» директоры Д.С.Абзалиева.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика