Олимпиадада бірінші орынды Стоматология мектебінің 403 тобының студенті Жомарт Рахым иеленді, ІІ орынды 404 топтың студенті Ербол Туналиев, 3 орынға 407 топтың студенті Сымбат Бақытжанова ие болды.
"Үздік команда" номинациясы бойынша 404 топ жеңімпаз атанды. Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасында өткен Олимпиадада құзыреттілік, білімдегі бәсекелестік рухы орнады. Стоматология мектебінің 4 курс қатысушыларының ешқайсысы Олимпиаданың әр турына бей-жай қарамады!
Олимпиада 4 курс білім алушылары арасында теориялық білім, практикалық және коммуникативтік дағдылар деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.
Білімдегі жарыс екі кезеңнен тұрды: теориялық: тестілеу, блиц-сауалнама, ситуациялық есептерді шешу және "металл-керамикалық тәжге Ордонтопрепарирование"тақырыбы бойынша практикалық бөлім. Оқытушылар құрамының құзыретті қазылар алқасы қатысушылардың жауаптарын бағалады.
Іс-шара спорт және жастар ісі жөніндегі орталығының қолдауымен өтті. Олимпиаданы ұйымдастырушылар-кафедра меңгерушісі, профессор Еслямгалиева А. М., доцент Алдабергенова Т. К., ассистенттер: Жилкибаева Ж. Б., Пішембаева Р. К., Алимжанов С. Ж.