«Азия Асығы»

«Азия Асығы»

Астана медицина университетінің студенттері өткен күні елордада өткен "Азия Асығы" халықаралық гран-при турниріне қатысты. Оған біздің спортшылардан басқа Үндістан, Пәкістан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің өкілдері қатысты.

     Дәстүрлі турнирді Ұлттық спорт қауымдастығының Бас хатшысы Тастанбек Есентаев құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

     Турнирді ұйымдастырушылар шетелдік қонақтарға ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықтары үшін ризашылықтарын білдірді. Турнир үш күнге созылды, жеңімпаздар мен жүлдегерлер асық ату Республикалық Федерациясының дипломдарымен, медальдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін марапатталғандардың қатарында біздің университеттің спортшылары болды.

     Астана медицина университетінде дене шынықтыру мен спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл жаңа фитнес залдың ашылуы өтті, Студенттер оған тегін барады. Университетте волейбол, бокс, үстел теннисі және басқа да спорт түрлері бойынша спорт секциялары жұмыс істейді. Біздің университеттің білім алушылары-түрлі қалалық және республикалық жарыстардың жүлдегерлері.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика