15-17 қараша аралығында «Медицина жастары» РҚБ Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен @qazmed_astana «Saulyq.life-репродуктивті денсаулықты қорғау жастар қозғалысының Республикалық форумы» өткізіліп жатыр.
Форумға еліміздің барша облысынан 70 ке жуық медицина студенті қатысып, медициналық-волонтерлік бойынша біліктілігін арттыру үстінде.
16- қараша күні Семей медицина университетінің бір топ волонтер-медиктері мен «АстМУ» КеАҚ Жастар және спорт ісі орталығымен, волонтер-медиктер арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында, қонақтарымыз университетіміздегі жастар саясатының ұйымдастырылу деңгейіне және волонтерлік жұмысқа тәнті болып, симуляциялық орталық және музейдің жұмысымен танысты.