1988 жылдан бастап жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Дүние жүзіндегі адамдар АИТВ-мен ауыратын немесе АИТВ-инфекциясынан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алады.
Статистика бойынша 2022 жылы Астанада АИТВ-инфекциясын жұқтырудың 300-ден астам жағдайы анықталды, оның басым бөлігі немесе 72% — ы ер адамдар. Астанада анықталған АИТВ жұқтырғандардың көпшілігі 20-39 жас аралығындағы адамдар. Алдын алу бойынша бұқаралық ақпараттағы ақпараттардың кең таралуына қарамастан, науқастардың саны өсті. Жағдайлардың 90 %-ы жыныстық жолмен жұқтырған. Сонымен қатар, егер бұрын АИТВ жиі нашақорларда, секс-қызметтер нарығының қызметкерлерінде анықталса, қазір АИТВ-мен ауыратын адамның әлеуметтік портреті өзгерді.
АИТВ-инфекциясы тек үш жолмен беріледі — жыныстық, перинаталдық (АИТВ-мен ауыратын анадан балаға) және парентеральды (көктамыр ішіне дәрі енгізу). Екінші жағдайда, бұл терінің және шырышты қабаттардың бұзылуы, есірткіні қолдану, медициналық манипуляциялар кезінде пайда болуы мүмкін. Сондықтан, осы постта профилактикаға ерекше назар аударғым келеді, бұл: СӨС-н сақтау, тәртіпсіз және қорғалмаған жыныстық қатынастардан аулақ болу, жеке гигиена заттары: ұстара, маникюр керек-жарақтарының болуы, некеге тұрар алдында АИТВ-ға тест тапсырып, оқушылар мен студенттер арасында семинарлар өткізген жөн.
"Жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы АИТВ инфекциясын анықтау және оған қарсы күрес кезінде емдеу-диагностикалық жұмыстар жүргізеді, сондай-ақ Астана қаласы бойынша науқастарға кеңес береді. Кафедрада жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған 3 курс студенттері арасында іс-шара өткізіледі.
Авторы: "АМУ" КеАҚ "Жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология" кафедрасының ассистенті, инфекционист дәрігер Нұрболат Гүлім Нұрболатқызы