Астана медицина университетінің халықаралық байланыстарын одан әрі дамытудың маңызды оқиғасы Эразмус университетінің медициналық орталығымен (Нидерланды) ынтымақтастық туралы меморандумға қол койды. Бұл «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 30 жылдығына орай Халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырған «BOLASHAK: Strategic Partnership and Cooperation», стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық» атты білім беру форумы аясында сәтті өтті.
АМУ профессорлық-оқытушылар құрамы Меморандумда Астана медицина университетінің студенттері мен қызметкерлері үшін, бірлескен ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламаларын іске қосады.
Бұдан былай алдағы кәсіби ынтымақтастықтың студенттері және резиденттердің медициналық және зерттеу тәжірибесін кеңейтіп, Эразмус университетінде қолданылатын бірегей технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бірлескен жұмыстар келісіммен жүргізіледі. Гастроэнтерология және гепатология департамент зертханасының директоры, профессор Майкл Пепеленбош бастаған Эразмус университетінің медициналық орталығының делегациясы бір күн бұрын Астана медицина университетінде болды. Сапар барысында қонақтар гастроэнтерология және гепатология, бауыр трансплантациясы саласындағы жүргізіліп жатқан зерттеулердің бағыттары туралы ақпарат беріп, жүзеге асырылып жатқан магистратура және докторантура бағдарламалары туралы сөз қозғап ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.
Анықтама үшін: Эразмус университетінің медициналық орталығы ең ірі университеттік аурухана, сонымен қатар Нидерландыдағы жетекші травматологиялық орталық болып табылады. Эразмус университетінің өзі әлемдегі ең жақсы 100 университеттің бірі.
Сонымен қатар, Форумда Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған, жаһандық бастамаларға шолу жасалып, білім беру технологиялары мен зерттеулеріндегі инновациялық тәсілдерге талдау жүргізіліп, олардың халықаралық аренасындағы өкілділігі туралы айтылды.
Бүгін білім саласындағы 80-нен астам шетелдік сарапшылар мен дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, әлемнің 34 жетекші университет өкілдері қатысты.
Талапкерлерге шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының қатысуымен білім көрмесі ұйымдастырылды.
Өзінің көп жылдық тарихы бар Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы экономиканың барлық салаларында да, соның ішінде денсаулық сақтау саласында да білімділік пен ынталы көшбасшылар одағын қалыптастырды. Ал қазіргі мерейтойлық форум халықаралық «Болашақ» бағдарламасының одан әрі дамуына айқын үлесін қосуы тиіс.