1 желтоқсан – дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша Астана Медицина Университетінің нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасының оқытушылары іс-шаралар өткізді.
Астана Медицина Университетінің нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасының профессоры Махамбетов Қ.О., аға оқытушылары Мухажанова Г.О., Мухашева Н.Е., ассистент Салимжанова Ж.М «Проблемы и перспективы борьбы с ВИЧ-инфекцией на современном этапе» атты конференция барысында З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара жүргізді.